Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

28 қыркүйек, 2016

28 қыркүйек күні Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Қайрат Қожамжаровтың Сингапур елінің Құрметті Аға Министрі Го Чонк Тонгпен кездесуі өтті

Сингапур Республикасының Мемлекеттік Қызмет колледжі және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының арасында өзара түсіністігі бойынша Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Құрметті Го Чок Тонг мырза!
Құрметті делегация мүшелері!

Біз Сіздерді Еліміздің Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен құрылған, Мемлекеттік басқару Академиясында қарсы алуға қуаныштымыз.

Академия - мемлекеттік басқару саласындағы алдыңғы қатарлы, озық білім беру орталығы.

Білім алудың барысында, Академия тыңдаушылары тарихқа - «Сингапурлық экономикалық ғажайып» атымен енген, Сіздердің даму стратегияларыңызға ерекше назар аударады.

Ли Куан Ю мырзаның бастаған ісін жалғастыра отырып Сіз, орасан зор транснационалды компаниялар үшін -«инвестициялық жерұйық» құрдыңыз.

Кеше ғана жарияланған Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы ғаламдық бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде Сингапур екінші орынға орналысты.

Біз үшін, Сингапурдың кәсіби мемлекеттік аппарат құру тәжірибесі өте өзекті.

Өткен жылы Ел басымыз, Қазақстанда жүргізілетін институтционалды реформаларды жария етіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын қабылдады.

Қазіргі таңда біз оны тәжірибеде жүзеге асыруға кірістік.

Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев өз «Ұлы дала ұлағаттары» атты еңбегінде: «Біз жаңаша армандауды үйрендік.

Жаңаша жол табуды үйрендік.

Ел мен қоғамды дамытудың нақты міндеттерін алға қоюды үйрендік. Біз үйрене отырып, үлгілі жолға түстік.

Бұл жол – енді біздің жол, Қазақстан жолы» деп, атап өтті.

Республиканы жаңғырту, мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруден басталды.

Себебі, реформалардың табыстылығы мемлекеттік аппараттың кәсіби, жауапкершілік және отансүйгіштік деңгейіне байланысты.

Ұлт жоспары, қазақстандық арман – осы ғасырдың ортасына қарай әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін межелеп отырмыз.

Бұл міндетті жүзеге асыруда Сіздің еліңіздің тәжірибесін зерделеудің маңызы зор болатындығына сенімдімін.

Сондықтан, мемлекеттік қызмет әлеуетін күшейту саласндағы Сингапурмен өзара әрекеттесу және тәжірибемен алмасу сол жолдағы тағы бір қадам.  

Құрметті Го Чок Тонг мырза!

Сіз бастаған делегацияға Сингапур халқына қызмет етуде табыс тілеймін.

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Агенттігінің Төрағасы
Қайрат Қожамжаровтың сөз сөйлеуі

Cауалнама

Біздің сайтымызға қандай мақсатпен кірдіңіз?
  • Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау
  • Бюроның жұмысымен танысу
  • Басқа