Интерактивті атқарымдары

Жаңалықтар

03 маусым, 2016

2016 жылы 30 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Төрағасы Қ.П. Қожамжаровтың басшылығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Күн тәртібінде мынадай мәселе қаралды:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және анықтау қабылдаған шаралары»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша функцияларын іске асыру шеңберінде мынадай бағыттар бойынша жүргізілуде:

  • мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді жою туралы ұйғарымдарды енгізу;
  • мемлекеттік органдардың ұжымымен кездесулер ұйымдастыру;

Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ҚПК-нің 200-бабы шеңберінде мемлекеттік органдарға және ұйымдарға қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға және өзге де заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұйғарымдар енгізу құқығы берілген.

2015 жыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушілер ішінде 1624 ұйғарым жіберді.

Көрсетілген актілердің ең көп саны әкімдіктерге (636) және Ішкі істер органдарына (544) жіберілген. Олардың үлес салмағы ретімен 70%-ды құрайды.

Одан әрі мемлекеттік кірістер комитеті (89), әділет органдары (82), қарулы күштер (41), ауыл шаруашылығы (20), инвестициялар және даму бойынша (19) және тағы басқа министрліктер.

Ағымдағы жылдың 4 ай ішінде 629 ұйғарым жіберілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйғарымдарына мемлекеттік органдардың қабылдаған жауап беру шараларының қатаңдығы бойынша оң серпіні байқалады.

Сонымен, аталған кезең ішінде 2015 жылғы ұқсас кезеңдегі 40 тұлғаға қарсы 46 лауазымды тұлға атқарылып отырған лауазымынан тәртіптік жаза тәртібімен босатылған, мемлекеттік функцияларды орындаудан 18-ге қарсы 37 тұлға босатылды, 4-не қарсы 11 тұлға лауазымнан төмендетілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдарда ағымғы жылдың ақпан айынан бастап ақпараттық-түсіндіру жұмыс тәжірибесі енгізілді.

Аталған жұмыс квазимемлекеттік сектор субъектілер кезекті түрде қамти отырып «мемлекеттік мекемеден мемлекеттік мекемеге» қағидаты бойынша жүргізіледі.

Оларды өткізгеннен кейін есептелетін – бұл мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздікті қалыптастыру және министрліктің бірінші басшылары тарапынан олардың кез келген алғышарттарының жолын кесу бойынша шешуші шаралар.

Кездесулер атқарушы органдардың ұжымдарымен сияқты, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен күштік ведомстволардың жеке құрамымен де ұйымдастырылады.

Бүгінгі күні іс-шаралар ауыл шаруашылығы, қаржы, білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, мәдениет және спорт, ұлттық экономика, әділет, энергетика, ішкі істер, қорғаныс министрліктерінде, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде өткізілді. Барлығы 11 мемлекеттік орган.

Оларға комитеттердің, орталық аппарат департаменттерінің, ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары қатысады, бейнеконференциябайланысы арқылы олардың аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ тиісті салаларды басқармалар қосылады және әкімдік ұйымдары шақырылады.

Осылайша, әрбір кездесуде мемлекеттік қызметшілермен және квазимемлекеттік сектор жұмыскерлерін қамту 1000 адамға дейін жетеді.

Кездесулер барысында жүргізіліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама новеллалары (сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, реформа және басқасы) түсіндіріледі, осы жылдан бастап енгізілген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін (сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және мінез-құлық стандарттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, Әдеп кодексі, сыйлықтар туралы ереже,көтермелеу және басқасы) қоса алғанда.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдағы, оның аумақтық бөлімшелеріндегі және олардың реттейтін салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы мәселе қарастырылады.

Тыңдалым қорытындылары бойынша Қайрат Қожамжаров «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және анықтау бойынша одан әрі жұмыс жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудартты.