Размер шрифта:
A A A
Цвета сайта:
A A A
Обычная версия
09 маусым, 2016

Хабарлама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қызметкерлері 5 маусым күні Ақтөбе қаласында болған лаңкестік әрекет уақытында қаза тапқандардың және зардап шеккендердің  отбасыларына қаржылай көмек көрсету  туралы шешім қабылдады.

25 сәуір, 2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны іске асыру мәселелеріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйіне арналған мәжіліс болып өтті

Іс-шараға Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, комитеттері мен ведомствоға бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты.

18 сәуір, 2016

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны іске асыру мәселелеріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жай-күйіне мәжіліс болып өтті

Іс шара Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері, комитеттері мен ведомствоға бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының басшылығымен өткізілді. Сонымен қатар, мәдениет және спорт,  тілдер және дін істері бойынша өңірлік мекемелер бейнетконференциябайланысы арқылы қосылды.

Қоғамдық маңызы бар тергеулер

16 маусым, 2016

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті Алакөл ауданының сәулет пен қала құрылысы бөлімінің басшысы Н. Артықбаевты ұстады.

Н. Артықбаевтың Үшарал қаласында жер телімін алуға арналған құжаттарды жедел дайындау үшін бопсалаушылық жолмен жеке тұлғадан 150 000 теңге сомасында  пара алғандығы анықталды.

Қазіргі уақытта Н. Артықбаев Алакөл ауданы АІІБ  Уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

16 маусым, 2016

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы  қаласы бойынша департаменті үй-жайларды жүйелі негізде заңсыз жалдауға беріп, ақшалай сыйақы алғаны үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» ұлттық орталығы филиалының Алматы облысы бойынша Педагогикалық қызметшілердің біліктілігін арттыру институтының директоры Х. Дүйсебаевты ұстады.

Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңсыз түрде асхананы шартсыз жалдауға бергені үшін жеке тұлғадан 200 000 теңге сомасында  пара алуы кезінде  Х. Дүйсебаевты ұстады.

Қазіргі уақытта Х. Дүйсебаев Алматы қаласы ІІД Уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа...

14 маусым, 2016

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті Облыстық қорғаныс департаментінің басшысы полковник Ғ. Жантөринді ұстады.

Ағымдағы жылы 14 маусым күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті Облыстық қорғаныс департаментінің басшысы полковник Ғ. Жантөринді ұстады.

Ғ. Жантөриннің жүйелі негізде аудандық қорғаныс бөлімдерінің басшыларынан медициналық комиссиядан кедергісіз өту және кандидаттардың Әскери-техникалық мектепке түсу үшін бопсалаушылық жолмен пара алғандығы, әскерге шақырушыларды кейінге қалдырғаны,  әскери қызметшілерге жалпы қамқорлық көрс...