новости
2016 жылдың 20 желтоқсанында, 15:00 сағатта, Атырау қ. Әйтеке би көшесі 77 «а» мекен-жайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен Атырау облысының әкімият ғимаратында әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өткізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы қатысты. Әдеп жөніндегі кеңес отырысының барысында 3 мәселе талқыланды.